Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 


 

Тіл пәндерін оқытудағы заманауи амалдар

   Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2016 жылғы 23 желтоқсанда Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында тіл пәндері мұғалімдеріне арналған «Оқытудағы құзыреттілік амалдар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» атты облыстық семинар өткізді. Семинар жұмысына облыстың мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептерінің 95 мұғалімі, білім беру басқармасының өкілдері, ББДИО әдіскерлері, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің мамандары қатысты.
Жұмыс барысында тіл пәндерінің құралдары арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселелері, мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың жаңа форматы талқыланды.
Білім беру басқармасының білім беру мониторингі бөлімінің басшысы Балтабекова Роза Балапанқызы 11 сынып оқушыларын жаңа формат бойынша қорытынды аттестаттауға дайындау мәселелеріне тоқталды.
Инновациялық орталық басшысының орынбасары Жантурина Нағима Сейпілқызы оқытудағы құзыреттілік амалдар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру туралы айтты.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде мемлекеттік қорытынды аттестаттауды жаңа формат бойынша өткізу, яғни эссе жазу мен аудирование жүргізудің әдістемелері қарастырылды. Педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Афанасьева Валерия Никандровна оқушылардың эссе жанрында шығарма жазудағы қажетті біліктерін қалыптастыру бойынша шеберлік сағатын көрсетті.
«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Аниярова Марал Оралбекқызы мен Павлодар қ. №41 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жүсіпова Гаухар Жанғалиқызы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. КЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Аринова Динара Холдаровна, № 40 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Бейсенова Кымбат Темирбулатовна, Павлодар қ. №3 гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Валова Мария Валерьевна оқушылардың құзыреттілік қабілеттерін дамыту, оқушылардың кілтті құзыреттіліктерін қалыптастыру, оқушылармен жұмыста орыс тілін оқытудың жаңартылған мазмұнын жетілдірудің өзекті мәселелері, мектепте эссе жазудың әдістемелерін талқылау, ғылыми жобалар жазу технологиясы туралы айтты. Семинардың қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер