Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Білім бөлімінің кезекті отырысы өтті

   Екібастұз білім бөлімінің жоспарына сәйкес ағымды жылдың 22-желтоқсанында №36 мектеп-лицейінде мектеп басшыларының және балабақша меңгерушілерінің қатысуымен бөлімнің кезекті отырысы өтті.
Отырыста «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуына мониторинг қорытындысы», «Білім мекемелерінде олимпиада резервтерін қалыптастыру және дайындау» туралы және тағы басқа мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі Басқармасының қызметкері, аға лейтенант А.Әлімовпен білім беру ұйымдарында жаңажыл ертеңгіліктерін өткізу кезінде өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқаулық өткізілді. Бұл отырысқа 75-тен аса адам қатысты.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер