Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Қалижан Бекқожин шығармашылығының білгірлері

   Жыл сайын қала мектептерінің арасындажерлес ақынымыз Қалижан Бекқожин рухани мұрасын оқушылар арасында кеңінен насихаттаумақсатында байқау өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні Павлодар қаласының Қ.Бекқожин атынағы № 12 мектебіндежалпы білім беру оқу орындарының 5 -9 сынып оқушыларыарасында «ІХ Қ. Бекқожин оқулары» өткізілді.
Ереже бойынша Қ. Бекқожин оқулары екі аталым бойынша 53 оқушы қатысуымен өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа оқуын өте белсенді көрсетті, жас дарындар өз туындарын оқыды.
Байқаудың қорытындысы бойынша барлық жүлделі орын алған - 8 оқушы, оның ішінде «Бас жүлдені» ие болған 2 оқушы, І орынды иеленген - 2, ІІ орынға - 2, ІІІ орынға ие болған оқушылар саны - 2.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Туған тың ғасырмен сырласпын...» - жас дарындар бағытында бас жүлдені Гүлнара Жанболат, № 38 ЖОМ 9-сынып оқушысы, І орын - Усаханова Айсана, № 37 ЖОМ 8-сынып оқушысы, ІІ орын - Сайабеков Бауыржан, № 12 ЖОМ 7-сынып оқушысы, ІІІ орын - Резуанова Диана, № 24 ЖОМ 6-сынып оқушысы иеленді.
«Менің жырым - өрен тасқын!» аталымында жас ақындар өз арнауларын, Қалижан өлеңдер жатқа оқып, тамаша өнер көрсетіп бас жүлдеге Сатбол Ердос, № 38 ЖОМ 8-сынып оқушысы, І орын - Садыкова Асия, № 20 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы, ІІ орын - Нұрханова Әсел, № 35 ЖОМ 6-сынып оқушысы, ІІІ орын - Борецкий Богдан, «Стикс» ЖОМ 6-сынып оқушысы иеленді.
Гүлнар Жанболатөлеңді жеті жасынан бастап жаза бастаған, ХІ қалалық Абай және Махамбет және Қалижан оқуларында бас жүлдені иеленсе, студенттер арасында өткен Мәшһүр-Жүсіп оқуларында алғыс хатпен марапатталды. Жанболат - домбыра тартып, ән салады. Ол қалалық Абай және Қалижан оқуларының бас жүлдегері, әдеби кітаптарды көп оқиды және қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын пір тұтады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер