Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 20 қарашада 2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 24 градус, жел 5  м/с

 


 

   Павлодарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ұйымдастырылған жаңа жылдық шыршаға 150 бала қатысты. Елбасының атынан ұйымдастырылған жаңа жылдық шырша мерекесіне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар, аз қамтамасыз етілген отбасының балалары және дарынды жеткіншектер қатысты. Еліміздің Президенті жас өрендерді телеэкран арқылы құттықтады.
- Осы күндері ғана емес, жыл бойы бір-бірімізге қолдау танытып, әрдайым көмек көрсетіп жүруіміз керек, - деді Мемлекет басшысы. – Достық – өмірдегі ең құнды сыйлық. Үнемі қол ұшын беру, ересектерге көмектесу арқылы жақсы азамат болып жетілесіңдер. Біздің бүкіл халық – үлкен біртұтас отбасы.
Бұл күні ұйымдастырылған қойылым Қазақстанда келесі жылы өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне арналды. Балалар көрменің бойтұмары Тенгри мен Бөрі, Ақшақар және Аяз атамен бірге ән салды. Шара соңында балалардың әрқайсысына смартфон, жұмсақ ойыншық, кітаптар мен тәттілерден тұратын жиынтықтар тарту етілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер