Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

«Жасай бер, Қазақстаным» атты облыстық бейнероликтер конкурсы

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында Павлодар облысы білім беру басқармасы, ақпараттық технологиялар орталығы «Жасай бер, Қазақстаным» атты облыстық бейнероликтер конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты – жастардың әлеуметтік белсенділігі мен қазақстандық патриотизмды қалыптастыру, Қазақстанның тарихын білуді, еліміздің даму және жетілдіру жолдарын іздеуді ынталандыру. Облыстық конкурс 2016 жылғы 1 - 15 желтоқсан аралығында сырттай екі бағыт бойынша өтті:
- жалпы білім беру мектептері мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқушыларының бейнероликтері;
- жалпы білім беру мектептері мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мұғалімдерінің бейнероликтері.
Облыстық конкурсқа 73 жұмыс ұсынылды. Соның ішінде:
оқушылар арасында 47 жұмыс (№10 мектеп-лицей-2, Павлодар қаласы – 15, Екібастұз қаласы-1, Баянауыл ауданы-1, Железин-17, Ертіс-1, Май-4, Павлодар ауданы-1, педколледж - 5);
мұғалімдер арасында 26 жұмыс (Павлодар қаласы– 1, Екібастұз қаласы-2, Успен -1, Шарбақты-2, Май-6, Железин-6, Ертіс-2, Качир-2, Лебяжі-1, Павлодар бизнес-колледжі-1, Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі-1, Павлодар педколледжі-1).
Қазылар алқасы бейнероликтердің мазмұнына қойылған талаптарға сәйкес сараптау жүргізіп, бағалады. Конкурстың қорытындысы бойынша
І дәрежелі Диплом иегерлері: Май ауданы Малайсары орта мектебінің мұғалімдері Океш Маржан, Балғай Азамат Маратұлы мен Павлодар қаласы № 9 мектеп-гимназияның оқушысы Юлия Александровна Козлова;
ІІ дәрежелі Диплом иегерлері: Екібастұз қаласы № 17 ЖОББМ мұғалімі Гүлден Мұратқызы Жүнісова мен Железин ауданы № 2 Железин ОББМ оқушысы Снежана Талғатқызы Сарымова;
ІІІ дәрежелі Диплом иегерлері: Железин ауданы Михайловка ЖОББМ мұғалімі Наталья Валентиновна Анзельм және Б. Ахметов атындағы Павлодар педколледжінің оқушылары Гүлдана Туленова мен Аяулым Жүнісбекова.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер