Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 20 қарашада 1 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 26 градус, жел 1  м/с

 


 

Павлодар облысы әкімінің жаңа жылдық шыршасы

   2016 жылғы 27 желтоқсан сағат 11.00-де «Ертіс» қонақ үйінде Павлодар облысы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өткізілді. Шырша қонақтары – жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар. Жаңа жыл мерекесі қатысушыларының жалпы саны 9-13 жас аралығындағы 150 бала.
Мереке қарсаңында балалар үшін «Ertis – Cinema» кинотеатрында «Моана» мультфилімін көрсету ұйымдастырылған. «ЭКСПО жаңа жылдық от шашулары» мерекесін өткізу шеңберінде балалар үшін түрлі-түсті және динамикалық қойылымдар дайындалып, балаларды би және вокалдық нөмірлермен, «Сумашедшей лаборатории» сиқыры, шеберлік сағаттармен көңілдерін көтерді.
Жаңа жылдық шырша аяқталған кезде балалар үшін мерекелік дастарханнан дәм тату қарастырылды. Әр балаға сыйлық ретінде планшет, жұмсақ ойыншықтар және тәттілер табыс етілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер