Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Май ауданы әкімінің шыршасы

     Ескі дәстүр бойынша аудан орталығында аудан әкімінің шыршасы өтті. Көктөбе жалпы орта білім беретін мектепте өткен іс-шараға елуден аса бала қатысты.
Аудан әкімі А. Қаңтарбаев жаңа 2017 жылмен құттықтап, денсаулық пен оқуда табыстарға жетуді тіледі. Балалардың бал-бұл жанған жүздерін жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар қуанышқа бөледі және олар өздерін көп күттірді. Балалар Аяз атамен әндер шырқап, шыршаны айналды. Балалар Аяз атаға тақпақтар айтып, би биледі, ал, Аяз ата оларға дәмді және әдемі сыйлықтар берді.
Іс-шара соңында балалар үшін мерекелік тәтті дастархан ұйымдастырылды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер