Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Железин ауданы әкімінің шыршасы

   2016 жылғы 27 желтоқсанда аудан әкімі атынан балаларға арналған «ЭКСПО-ның жауа жылдық отшашуы» атты жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылып өткізілді. Аталған іс-шара жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларға арналды.
Аудандық жаңа жыл мерекесіне қатысушылардың жалпы саны 100 баланы құрады, оның ішінде 34 жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 66 аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар.
Конкурс нәтижелері бойынша ең үздік мерекелік костюм даярлағаны үшін «Алтын адам» костюмімен Железин № 3 ЖОМ оқушысы Ботагөз Уразгулова бірінші орынға ие болып, оған ұялы телефон табыс етілді, екінші орынға «Әтеш» костюмімен Аққайың жалпы негізгі мектебінің оқушысы Мадина Дюсенова және «Жар птица» костюмімен Жаңа жұлдыз негізгі орта мектебінің оқушысы Тытюк Нина ие болып, оларға сыйлыққа жұмсақ ойыншық берілді. Үшінші орынға – «Черепашка Ниньдзя» костюмімен «Светлячок» балабақшасының тәрбиеленушісі Никита Кисилёв, «Бабочка» костюмімен Алакөл ЖББОМ Лилия Буц және «Петушок» костюмімен Т.П. Праслов атындағы Прииртышск ЖББОМ оқушысы Глеб Шейкин ие болды. Үшінші орынға сыйлық ретінде оқытатын музыкалық синтезатор берілді. Мерекелік шараның барлық қатысушылары сыйлықтармен марапатталды.
Театрландырылған көріністен соң мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Әр балаға сыйлық табыс етіліп, оның жиынтығына қысқы куртка және жеке тәтті сыйлықтар жиынтығы табыс етілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер