Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Успен ауданы әкімінің шыршасы

   2016 жылғы 28 желтоқсанда №1 Успен ЖОМ базасында Успен ауданы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Аталған іс-шара жетім балалар үшін, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балаларына, ауданның үздік оқушылары үшін дәстүрлі ұйымдастырылады. Жаңа жыл мерекесіне 5-13 жас аралығындағы 100 бала қатысты.
Балалар үшін әсерлі әндер, тарихи және ертегілер кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған көріністермен даярланған би өнерлері көрсетілді.
Жаңа жылдық шырша мерекесінің соңында балалар мерекелік дастарханнан дәм татты. Әр балаға сыйлық және тәттілер табыс етілді.
Ағымдағы жылы 26 мен 27 желтоқсан күндері Павлодар қаласында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасына Успен ауданынан 4 оқушы қатысты. Әрбір балаға ұялы телефон, планшет, жұмсақ ойыншық, танымдылық кітабы, сондай-ақ тәттілер жиынтығы табыс етілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер