Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 20 қарашада 2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 24 градус, жел 5  м/с

 


 

Ақтоғай ауданы әкімінің шыршасы

   Ақтоғай ауданының Мәдениет үйінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті, аудан мектептерінен 120 оқушы қатысты. Шыршаға қатысушылар – аз қамтылған отбасыларының балалары, мүгедек балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары.
Аудан әкімі А. Амирин жаңа 2017 жылғы құттықтау сөздерін жаудырды.
Жаңа жылдық мерекеге балалардың сүйікті ертегілері мен атақты мультфильмдердің кейіпкерлері қатысқан қойылымда келді (күлкілі Миньондар, Смешариктер, Лунтиктер, күлкілі персонаждар, Малифисента және т.б.). Жаңа жылдық бал дәстүрі бойынша Аяз ата мен Ақша қар балалармен бірге көрікті шыршаның шамдарын жақты. Әрбір шақырылған балаға аудан әкімінің сыйлықтары табыс етілді.
Жаңа жыл балы аяқталған кезде костюмдер конкурсының қорытындылары шығарылды. Жыл символының – тауық костюмін дайындаған Абай атындағы ОМ оқушысы Кабылбек Мухамедке Бас жүлде табыс етілді. І, ІІ, ІІІ орындарды Абай, Қайырбаев, Ыдырысов атындағы ОМ оқушылары өзара бөлісті. Сондай-ақ, Қайырбаев атындағы ОМ және Приреченск ОМ оқушылары ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Жаңа жыл шыршасы аяқталғаннан кейін балалар мерекелік дастарханнан дәм татып, естелік суретке түсті және балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер