Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Качиры ауданы әкімінің шыршасы

  Качиры ауданында 2016 жылғы 28 желтоқсанда күні аудан әкімі Ж.Р. Шұғаевтың қатысуымен мүмкіндігі шектеулі жене аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға арналған «ЭКСПО-ның жаңа жылдық шамдары» атты жаңа жылдық шыршасы өтті. Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге және халықаралық ЭКСПО-2017 ашылуы қарсаңында өткізілді.

    Жаңа жылдық шыршаға барлығы 140 бала қатысты. Оларды бұл жерде Батыр, Күнекей қыз, Алтын Адам, Барыс, Әтеш сынды кейіпкерлермен театрландырылған қойылымдар, қызықты ойындар мен шоу-бағдарламалардың актерлері және аниматорлармен көңіл көтеру, Аяз атаның сыйлықтары, фотосуретке түсу және басқа да көптеген тартымды ойындар күтіп тұрды.

    Іс-шараның соңында балалар аудан әкімінен сыйлықтар алды: қысқы сыртқы киім мен тәттілер, сондай-ақ жаңа жылдық дастархан ұйымдастырылды, себебі Жаңа жыл – кереметтер мен ғажайыптар, сыйлықтар және балалар күлкісінің уақыты. Балалар үшін жаңа жылдық мереке – бұл нағыз ертегімен кездесу.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер