Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Павлодар ауданы әкімінің шыршасы

   Ағымдағы жылы Павлодар ауданы әкімінің жаңа жылдық шыршасы облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында өтті. Павлодар ауданының барлық ауылдық округтерінен жүз бала ескі жылды шығарып салу естен кетпес мерекесінің қонағы болды. Балалар өздерінің сүйікті ертеглерінің кейіпкерлерімен кездесті және қайталанбас салтанатта болды.
Жаңа жылдық шырша мерекесіне ауданымыздың жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары, көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балалары сонымен қатар, дарынды балалар, оқу мен спортта, өнерде және қоғамдық өмірде белсенділік танытқан оқушылар қатысты. Дәстүрге орай, сценарий бойынша балаларды жаңа жылдық шырша жанында ескі жылдың белгісі маймыл қарсы алды. Және те, балалар қызықты ертегінің кейіпкерлеріне айналып, келе жатқан тауық жылының тұмарын Тилли мысықтың құрған торынан құтқаруға сенімді достары Артоспен бірге көмектесуге кірісті. Жас пираттар, эльф, гномдар, сайқымазақтар мен Гарри Поттер, ханшайымдар, сыған қыздары, ниндзя тасбақалар т.б. ертегі кейіпкерлері нағыз зұлымдық пен жақсылықтың күресіне тап болды. Балалар ерекше көңіл-күймен әртістерге қол соғып, қолпаштап отырды. Мерекеміздің көптен күткен басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар балаларға әкелген сыйлықтары мен тәттілерін ән мен өлеңдерге айырбастады. Кішкентай бүлдіршіндерді мерекелерімен аудан әкімі Александр Бабенко құттықтады.
Карнавалдық костюмдерімен балалар шыршаны қоршап «Орманда шырша туыпты» әнін айтып, көңілдерін көтерді. Керемет көңіл көтеруден кейін Аяз ата мен Ақшақар балаларды үлкен залға ертегі тамашалауға шақырды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер