Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 

 


 

Шарбақты ауданы әкімінің шыршасы

   2016 жылғы 27 желтоқсан сағат 11.00-де Шарбақты ауданында шырша өткізілді. Шыршаға аудан әкімі Б.Ж. Ыбыраев қатысып, барлық балаларды Жаңа жылмен құттықтап, қатысушыларға денсаулық, оқуларында жетістіктер және Жаңа жыл әр үйге тек қуаныш әкелсін деп тілек білдірді.
Іс-шараға 100 бала шақырылды, оның ішінде жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 6, мүмкіндігі шектеулі балалар – 12, аз қамтылған отбасылардың балалары – 48 оқушы, көп балалы және толық емес отбасыдан шыққан балалар – 34 бала. Жаңа жылдық шыршаның тізіміне бұрын осы іс-шараға қатыспаған балалар енді.
«Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығы барлық қонақтарға «Эльза және Аннаның жаңа жылдық оқиғалары немесе Бәйтеректі жаулап алу» атты театрлық ертегі қойылымын ұсынды.
Балалардың сыртқы келбетіне ерекше көңіл бөлінді – балалардың жаңа жылдық шыршасына барлық жас қатысушылар әсем безендірілген карнавалды костюмдер киді. Әр балаға Аяз атадан жаңа жылдық сыйлықтар және тәттілер табыс етілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер