Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 21 қарашада  2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 20 градус, жел 2  м/с

 


 

Ақсу қаласы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы

   Келе жатқан Жаңа жыл қарсаңында 2016 жылғы 26 желтоқсанда «Престиж» мейрамханасында қала әкімі Нұрлан Шайкслямұлы Дюсембиновтың қатысуымен жаңа жылдық шырша өтті. Мерекеге аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 150 бала шақырылды.
Балалар мерекеге әдемі, көңіл-күймен келді. Балаларды Фиксики, Смешарики, Джин, Әтеш және басқа кейіпкерлердің қатысуымен ұйымдастырылған музыкалық шоу бағдарламасы қуантты. Аяз ата келген кезде өлеңдер, билер, шыршаны айналып нағыз мереке басталды.
Балалармен бірге қала әкімі халықаралық, республикалық, облыстық конкурстардың лауреаты атанған балалар ұжымдарының шығармашылық қабілеттеріне тәнті болды.
Шоу-бағдарламаның соңында Аяз ата мен Ақша қар мерекенің басты шыршасының шамдарын жақты. Өз құттықтау сөзінде қала әкімі балаларға жігерлік пен еңбекқорлық, денсаулық және еліміздің елеулі азаматы болуын тіледі. Мереке соңында әр бала қала әкімінің атынан сыйлықтар алды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер