Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

   Ағымдағы жылдың 23-26 желтоқсаны аралығында «Өнер» ҚМО және «Қайнар» ББК Екібастұз қаласының әкімі Қ.Т. Нүкеновтің қатысуымен дарынды балаларға, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті. Мерекелік іс-шараларға барлығы 478 бала қатысты.
Балаларды ертегідегі Қораз, мультфильмдегі кейіпкерлер, жас әншілер мен бишілер, сонымен қатар Жаңа Жылдың басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар балалардың көңілін көтерді.
Жас қонақтар түрлі костюмдер киген. Олардың арасында тиын, түлкі, аю, қасқыр, мушкетерлер, ханшайымдар, періштелер, өрмекші адам және фея бар.
Шыршаға қатысқан барлық балалар ойын ойнап, би биледі, ең бастысы шыршаны айнала қоршап, ән айтты, ең бастысы, олардың әрқайсысы Аяз атамен жақын араласып, өз өлеңдерін оқып, сый-сияпатқа ие болды

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер