Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Облыс әкімінің сыйлықтары

   Жаңа жыл қарсаңында 2016 жылғы 27 желтоқсанда Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов Павлодар қаласының балалар баспанасына және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды.
Кездесу барысында балалар облыс әкіміне шағын жаңа жылдық қойылымдар дайындап, тақпақтар айтты және жаңа жылдық әндерді шырқады.
Облыс әкімі балаларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, оларға тәтті сыйлықтар тарту етті.
Сонымен қатар, облыс әкімінің атынан тәтті сыйлықтарды отбасы үлгісіндегі Успен, Шарбақты, Шақат, Лебяжі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ Екібастұз қаласының кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерге арналған баспана тәрбиеленушілері де алды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер