Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Павлодарда ХVІІІ облыстық «Абай оқулары» өткізілді

   Дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында 2017 жылғы 6 сәуір күні өткізілген ХVІІІ облыстық Абай оқуларына облысымыздың жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінен 52 оқушы қатысты.  Қазылар алқасының шешімі негізінде «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында ІІІ дәрежелі дипломымен Павлодар қаласы №38 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Дауан Бахберген; Качир ауданы, Березов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Жаябаева Даяна; облыстық көп салалы лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Тайтулен Дариға; ІІ дәрежелі дипломымен – Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 5 сынып оқушысы Дайырбек Аяжан; Лебяжі ауданы, Шақа ЖОББМ 6 сынып оқушысы Қалқаман Ералы; І дәрежелі дипломымен – Ақсу қаласы, Ақжол ЖОББМ 10 сынып оқушысы Жүнісхан Гүлжан марапатталды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында ІІІ дәрежелі дипломды Павлодар ауданы, Чернорецк №2 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Абылгазинова Мерей; Качир ауданы, Березов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Муканов Ернур; Екібастұз қаласының №22 ЖОББМГ 10 сынып оқушысы Какимов Бауыржан; ІІ дәрежелі дипломды – Май ауданы, Саты ЖОББМ 10 сынып оқушысы Бағлан Ерлан; Лебяжі ауданы, Шарбақты ЖОББМ 10 сынып оқушысы Тұрғанбек Нұрсана; І дәрежелі дипломды – Павлодар қаласы №25 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Тусупбекова Дамира иеленді. 

«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломға Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Сейілжан Бектас; Екібастұз қаласының №26 ЖОББМГ 8 сынып оқушысы Еркеш Дильназ; Лебяжі ауданы, Қазы ЖОББМ 9 сынып оқушысы Арғынбай Гүлсәні; көп салалы лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Нұрмұханбет Ерасыл; ІІ дәрежелі дипломға – Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Саттар Аллажар; мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Қабжанова Назерке; І дәрежелі дипломға – Павлодар қаласы №37 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Сушенова Томирис ие болды.
«Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясы жеңімпаздарды дайындаған келесі мұғалімдерге табысталды: Ақсу қаласы Ақжол ЖОББМ мұғалімі Халқын Сейіл; Павлодар қаласы №25 ЖОББМ мұғалімі Жангабулова Назира Ергалиевна және №37 ЖОББМ мұғалімі Исакова Гаухар Абдикешовна.
Конкурс жеңімпаздары 2017 жылғы қыркүйек айында ақынның елінде өтетін ХVІІІ республикалық Абай оқуларына қатысады.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

000

DSC 0040

DSC 0060

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер