Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Балалардың құқықтарын қорғау бөлімі

     Балалардың құқықтарын қорғау бөлімі «Павлодар облысы білім беру басқармасы» ММ (бұдан әрі білім беру басқармасы) білім беру басқармасының дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей білім беру басқармасының басшысына бағынады. Өз жұмысында қолданыстағы заңнаманы, нормативтік құжаттарды, білім беру басқармасының сапа және менеджмент жүйесі сапасының құжаттарын басшылыққа алады.

Балалардың құқықтарын қорғау  бөлімі келесі негізгі міндеттерді атқарады:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы», Қазақстан Республикасының кодексін, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуын қамтамасыз ету;
- әлеуметтік жетімдіктің, балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету және еңбегін қанаудың алдын алу және ескерту, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдай жасауға жәрдемдесу;
- бала құқықтары туралы Конвенция Ережелерін іске асырудың, адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламаларының мониторингі, балалардың әлеуметтік әл-ауқатын талдау және болжау, аймақтағы балалардың тұрмыс жағдайын жақсарту туралы ұсыныстарды әзірлеу.

Балалардың құқықтарын қорғау  бөлімі келесі негізгі функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:
1. Балалардың құқықтарын және балалардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған концепцияларды, бағдарламаларды және жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
2. Жыл сайын аймақтағы балалардың жағдайы туралы есепті дайындау;
3. Жайсыз отбасылар және өмірлік қиын жағдайларға тап болған кәмелетке толмағандарды есепке алу, алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
4. Облыстың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында  балаларды ұстау және тәрбиелеу үшін жағдай жасауға қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру және мониторинг жасау;
5. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығының міндеттемелерін қамтамасыз ету;
6. Облыстық білім беру жүйесін дамыту бағдарламаларын, білім беру ұйымдарының қызметін бағалаудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге қатысу.

Бөлім құрамы:

- бөлім басшысы - Жумабекова Бибигуль Тобыктыновна, каб. №420, тел. 32-41-05;
- бас маман – Байгазинова Гульмира Жайнакбаевна, каб. № 420,тел. 32-99-20;
- бас маман – Сматаева Жанара Абаевна кабинет № 420, тел. 32-99-20;

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер