Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

ОБЛЫС КОЛЛЕДЖДЕРІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

 

Колледждерде дене тәрбиесі бойынша жұмыстар мақсатты түрде жүргізіліп келеді. Осы оқу мекемелерінде дене тәрбиесін оқыту адамның дене қасиеттерінің, қозғалыс машықтарын және ағзаның психологиялық функцияларын арнайы және кәсіби маңыздыларын жетілдіруге және дамытуға бағытталған.
Дене шынықтыру-спорттық жұмыстар 16966 оқушылар контингенті бар 45 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Онда 120 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жұмыс істейді. Оның ішінде 119 адамның жоғары білімі бар. 55 мұғалімнің жоғары санаты бар, бірінші санатты мұғалімдер- 31, бұл аталған мекемелердің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жалпы санынан 71,7% құрайды.
Ағымдағы жылда Президенттік тесттерді тапсыруға колледждердің 5432 оқушысы жұмылдырылды. Президенттік деңгейдегі нормативтерді орындағандардың саны- 98 адам, ұлттық -281.
Колледждерде 285 спорттық секциялардың жұмысы ұйымдастырылған. Онда 5559 оқушы спортпен айналысады. Сонымен, оқу орны бойынша спортпен айналысатын колледж студенттердің қамтылуы 32,8% -ға жетті (ал 2016ж.- 28,2%).
Жылма-жыл облыстық білім беру басқармасының спорттық-бұқаралық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес келесі спорт түрлері бойынша 1 және 2-лигадан колледждердің облыстық спартакиадасы өткізіледі: жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, баскетбол, шаңғы жарыстары, волейбол, мини- футбол, оқпен ату, Президенттік көпсайыс.
Бозбалалар арасындағы 1-лигалық колледждердің 16- облыстық спартакиадасының қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерді Павлодар бизнес колледжі көрсетті, ал екінші орында Павлодар транспорт және коммуникациялар колледжі, үшінші орында Ақсу қаласының Ж. Мұса атындағы колледжі. Қыздар арасында 1-орынды Павлодар бизнес колледжі, екінші орынды Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, ал үшінші орынды Ақсу қаласының Ж. Мұса атындағы колледжі иеленді.
Бозбалалар арасындағы 26 облыстық спартакиадасының қорытындылары бойынша екінші лигада Павлодар теміржол колледжі көшбасшылық танытса, екінші орынды Павлодар монтаж колледжі, ал үшінші орынды Павлодар машина жасау колледжі иеленіп отыр. Қыздар арасында бірінші орынды Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі, екінші орынды Павлодар теміржол колледжі, ал үшінші орынды Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі иеленді.
Колледждердің білім алушылары мектеп оқушылары мен колледж оқушыларының республикалық спартакиадаларында облыстың құрама командаларының құрамында сәтті қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер