Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

Оқу үдерісін жаңартуда дене шынықтыру пәні мұғалімінің біліктілігін арттыру басты рөл ойнайды. Баланы салауатты өмір салтына қызықтыру, командалық ойындарға тарту, спорт мәдениетіне баулу үшін үнемі педагогикалық дағдыларды жетілдіріп отыру қажет. Пәнге деген қызығушылығын оятып, достық рух пен сау бәсекелестікті қамтитын ерекше атмосфераны құру тек үздік маманның қолынан ғана келеді. 
Өз ісіне немқұрайлы қарамайтын оқытушылар үшін үздіксіз даму қажеттілігі табиғи болып табылады. Олар оқытып жатқан пәнге деген оқушылардың жағымды қарым-қатынасынан өзінің ұшталған шеберлігінің нәтижелерін көреді. Сәтті жұмыс үшін таптаурын емес жаңа ойлар мен материалды беру әдістерін тауып, оқушыларды қызықтыратын тапсырмаларды ұсынулары қажет. Дене шынықтыру пәні де бұдан ада емес. 
Облыстың 130 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері 2016-2017 оқу жылында «Өрлеу» Павлодар облысының ПМБАИ базасында біліктіліктерін арттыру бойынша дайындық курстарынан өтіп, өздерінің кәсіби машықтарын жақсартты. 
Орталық дене шынықтыру мұғалімдерімен бірлескен сәтті жұмыс жүргізу үшін әдістемелік жетілдірудің келесі формаларын ұсынады: халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ғылыми-әдістемелік кеңес, оқытушылардың әдістемелік бірлестіктері, дене тәрбиесінің өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, ашық сабақтар, педагогикалық мониторинг, аттестаттау.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер