Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

 

shkolnij

  2017-2018 оқу жылында 2,5,7-сыныптарда жаңартылған білім беру мазмұны іске асырылатын болады. Бірінші сыныптар 2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына ауысты.
   Павлодар облысында барлық жалпы орта білім беру мектептері 1-11 сыныптар бес күндік оқыту аптасына ауысты. Бес күндік оқыту аптасын енгізу кезінде оқу жылы созылмайды, оқу жылы әдеттегідей 25 мамырда аяқталады.
   ҚР БҒМ «Орта білім беру ұйымдарында 2017-2018 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» бұйрығына сәйкес оқу жылының ұзақтығы мектепке дейінгі сыныптар үшін – 32 апта, бірінші сыныптар үшін - 33 апта, 2-11 сыныптар үшін – 34 аптаны құрайды.
  Демалыс мерзімі де өзгеріссіз қалады. 1-11 сынып оқушылары күзде жеті күн (30 қазаннан бастап 5 қарашаға дейін), қыста он күн (2017 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2018 жылғы 7 қаңтарға дейін) және көктемде 13 күн (2018 жылғы 21 наурыздан бастап 4 сәуірге дейін) демалады. Сонымен қатар, ақпанда мектепке дейінгі және бірінші сыныптар үшін бұрынғыдай қосымша 7 күндік (2018 жылғы 5-11 ақпан) демалыс қарастырылған.
  Үй тапсырмасын беру бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілген, оған сәйкес үй жұмысын орындау уақыты қысқаруы керек.
   Үй тапсырмасын беру ұсынылмайды:

• Мереке және демалыс күндерінде (жалпы даму үшін көркем, қосымша әдебиет оқу, жобалық жұмыс және математикалық мектептер үшін есептер шығарудан басқа);
• Бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;
• Бірінші сынып оқушыларына (екінші жартыжылдықтан бастап көлемі 20 минуттан аспайтын оқу бойынша жұмыстар беру мүмкін).
  Жаңа оқу жылынан бастап барлық жалпы орта білім беру мектептерінде сабақ ұзақтығы 40 минутты құрайды.
   Әрбір сабақты оқытуға оқу бағдарламалары мен сағат саны ауыспайды.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер