Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

2017 жылғы 27 қыркүйекте Павлодар облысында «Рухани жаңғырудың трендтері және кәсіподақ» тақырыбында білім беру ұйымдарының кәсіподақ көшбасшыларына панельдік сессия форматында оқыту жүргізілді

 

Басты мақсаты – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұсынылған идеяларды кәсіподақ ұйымдары тарапынан жүзеге асыру.
Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Г.Ә. Наурызбаева кәсіподақ жұмысына талдау жасай отырып, өзінің алғы сөзінде келесі мәселелерді атап өтті: «Біздің негізгі міндетіміз әрдайым сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау болып табылады, алайда адамгершілік тәрбиесіне де көңіл бөлгеніміз жөн. Сондықтан Елбасының рухани жаңғырудағы саяси және экономикалық жаңғырулардың өзегіне айналу идеясы аса жақын болмақ».
Президентіміздің рухани жаңғыру идеясы мен айтылған трендтері Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жарғысы мазмұнына толық сәйкес. «Рухани жаңғыру» облыстық жобасы біздің тарапымыздан қолдау тапты және сол жобалардың бірінің жетекшісі Г.Ә. Наурызбаева болып табылады.
Қоғам мен қоғамдық өндірістердің дамуы аясындағы механимздердің нәтижесі, мәдениет пен өркениеттің басты жетістігі тәрізді кәсіподақтар да еңбек етушілердің рухани жаңғыру негізінде пайда болды. Кәсіподақтарсыз еліміздің дамыған экономикасы, рухани құндылықтары болуы мүмкін емес, себебі кәсіподақ қозғалысының басты идеясы – әділеттілік идеясы. Десек те, әрбір ұйымның заманауи талаптары мен ақиқатына сай кәсіподақ менеджменті мен маркетингілік тәсілдерін өзгерту керек.
Семинар барысында әлеуметтік әріптестікті жүзеге асыру бойынша Павлодар қызмет көрсету және тамақтану колледжінің басшысы Гүлмира Ерсайынқызы Шұғабаева педагог қызметкерлеріне қойылатын жаңа талаптар аясындағы білім мазмұнын жаңаландыру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті.
Негізгі панельдік сессияның алдында қатысушылар үш топқа бөлініп, «ақылдылар сарабы» тәсілімен қазіргі таңдағы кәсіподақ қызметіне талдау жасап, жұмысты жетілдіретін бағыттарын анықтап, көпшіліктің рухани жаңғыруына негіз болатын тиімді әдістері мен жұмыс түрлерін анықтады. Себебі, Елбасымыздың идеяларын бастаушы ретінде педагог мамандары жиі танылады. Дәстүрлерді сақтай отырып, кәсіподақтарды басқару жүйесіне өзгерістер енгізу керек деген пікір бір ауыздан қолдау тапты. Сондықтан талқылау барысында кәсіподақ ұйымындағы менеджер болып табылатын көшбасшы тұлғасына ерекше көңіл бөлінді.
Ой-талқы аяқталысымен, әрбір топтың спикерлері кәсіподақ қозғалысын әрі қарай жаңғырту туралы пікірлерін ұсынды. Пікірталастың барысында кәсіподақ эволюциясы жүйесін жасау туралы жобалар қызығушылық тудырды. Сонымен бірге қоғам арасындағы кәсіподақ, кәсіподақ көшбасшыларының қорғаусыздығы, кәсіподақ менеджменті мен маркетингілігі туралы стереотип пен көзқарастарды өзгерту туралы ойлар да тысқары қалған жоқ. Заңнамалық норма болып табылатын ұжымдық шарттар жүйесін жетілдіру туралы да мәселелер талқыланды. Ақпараттық кеңістік арқылы да кәсіподақ имиджін дамыту туралы ұсыныстар берілді. Заманауи технологиялардың мүмкіндігі кәсіподақ жұмысын ақпараттық көздер арқылы ғана емес, сонымен қатар қоғам арасында кең өріске ие болған әлеуметтік желілер арқылы да қоғамға танытуға болады.
Панельдік сессия аясында кәсіподақ ұйымдардың беделді төрайымдары Арынова А.Ф., Куркина К.З., Идилуп А.Т. сарапшылық қызметін атқара отырып, жұмыс жасаған әрбір топқа тиісті бағаларын беріп, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағын жаңғыртуға ықпал ететін қызықты ұсыныстарын жеке атап өтті. Панельдік сессияның барлық қатысушылары аса жоғары белсенділік танытып, өз ұйымдарының тәжірибесі негізінде кәсіподақ жұмысын жетілдіру жөнінде түрлі ұсыныстарын білдірді.
Панельдік сессия қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстар қабылданды:
- барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында мекеме жұмысын нақты тәсілдермен жетілдіре отырып, Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау;
- білім және ғылым ұйымдарының қызметкерлерін қоғамдық жұмыстарға белсенді тарта отырып, кәсіподақ жұмысын ынталандыруды күшейту;
- әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселесіндегі ымыралық ықпалға қол жеткізу;
- кәсіподақ көшбасшысының жеке тұлғалық өсу бағдарламасын жұмыс тәжірибесіне енгізу;
- кәсіподақ органдарының жұмыс тәжірибесіне жобалық басқару мен жоспарлау элементтерін енгізу және жасау;
- облыстық, қалалық және аудандық кәсіподақ ұйымдарында «Кәсіподақтағы жаңа 100 тұлға» жбасын бастау.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер