Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Ғарыштық техниканың авторлары – балалар

   Павлодарлық Оқушылар сарайы «Антарес» астрономиялық клубының тәрбиеленушілері «Первый шаг к великому изобретению» атты республикалық инновациялық идеялар конкурсының жеңімпаздары атанды. Аталмыш конкурс Қарағанды қаласы М.Нурмаков атындағы дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында өткен болатын. «Антарес» астроклубының жетекшісі Гульнар Баубекованың айтуынша аталмыш додаға республикамыздың түпкір-түпкірінен 160-тан астам балалар қатысқан еді. Павлодар облысының намысын қорғаған «Антарес» командасынан тоғыз қатысушы болды. Конкурс қортындысы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен Алимжан Гумран және Қобланды Еренғайып марапатталды.
Алимжан әскери техниканың макеті – электромагниттік атқышты дайындады. Бірақ автордың айтуынша бұл құралды ғарышта қолдануға болады. Ал Қобланды болса «Тенгри» атты ғылыми-зерттеу полигонын жасаған еді. Қобландының бұл жасаған өнертапқышы қуат пен жанармайды үнемдейді.
Жуық арада Оқушылар сарайында «Антарес» клубының бастамасымен астрономдар слеті өтеді. Бұл слеттің ережесі Оқушылар сарайының сайтында жарияланады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер