Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Балалар үйлерінде «Рухани жаңғыру» жобаларын іске асыру туралы

   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Тәрбие және білім» бағдарлама астын жүзеге асыру шеңберінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Өлкетану, Саналы Азамат, және Отаным-тағдырым 3 негізгі бағыт бойынша жобалар іске асырылуда.
Орындалып отырған жобалардың бірі – «Асық ойнайық», мақсаты 3-4 сынып оқушылары арасында «Асық ату» ойыны бойынша облыстық лига құру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін балалар үйінде балаларды «Асық» ойнына үйрету бойынша үйірмелер ашылған. Үйірмелер Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында, Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында, Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйінде, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Песчан №2 арнайы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында, Екібастұз қаласының кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерге арналған арналған баспанада ұйымдастырылған. Отбасы үлгісіндегі Шақат балалар үйінде, Қалқаман балалар үйінде үйірмелерді ашу бойынша жұмыс атқарылуда. Качиры балалар үйінде «Қазақ ұлттық орталық» кабинетінде «асық» ойнауға арналған бұрыш құрылған.
2017 жылдың 15 қарашасында білім беру барқармасы Инновациялық Еуразия университетімен және «Zhasproject» жастар корпусын дамыту бағдарламасының қатысушыларымен бірлесіп Облыстық арнайы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында арнайы мектеп-интернаттарының оқушылары арасында «Асық ату» ұлттың ойынының 1 облыстық турнирі өтті. Жарысқа облысымыздың арнайы мектептерінің 12 мен 16 жас аралығындағы оқушылар командалары қатысты. Ойын ұлдар үшін «Бес табан», ал қыздар үшін «Бес тас» ережелері бойынша өтті. Ойын қорытындысы бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Песчан №2 арнайы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Дарья Маноленко 2 орынға ие болды. Жеңімпаздар медальдармен, мадақтамалармен және естелік жүлделермен марапатталды. Балаларды дайындағаны үшін арнайы мектеп-интернаттарының жаттықтырушылары алғыс хаттармен марапатталды.
«Тарих толқынында» жобасының мақсаты мектеп тарихы туралы мектеп мұражайларын жандандыру, «Әр мектептің өзінің тарихы туралы естелік кітабы» атты Павлодар облысы білім беру ұйымдарының тарихы туралы кітаптар басып шығару, мектеп тарихы туралы қысқа метражды фильм шығару, виртуалды мұражай жасау.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарында ақпараттар мен мұрахаттық мәліметтерді жинақтау жүріп жатыр. Виртуалды мұражайларды құру бойынша белсенді жұмыс атқарылуда. Атап айтсақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Песчан №2 арнайы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының сайтында сондай мұражай бар.
«Жас волонтер» жобасын жүзеге асыру шеңберінде колледж студенттері мен әлеуметтік серіктестерді тарту бойынша жұмыс жасалынып жатыр.
Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 5 қарашада «Сolorain» шығармашылық шеберханасының бейнелеу өнері студиясында және «Возрождение» қоғамдық бірлестігімен автерлік шеберлікті дамыту бойынша сабақтар өткізілді. 7 қарашада ПМПИ студенттері жоба шеңберінде сабақтар өткізді.
Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында педагогикалық колледж студенттерімен WORD компьютерлік бағдарламасымен жұмыс жасау бойынша шебер-сабағы ұйымдастырылды.
Качиры балалар үйінде 11 қарашада «Любители кексиков» шебер-сабағын Качиры аграрлы-техникалық колледжінің студенттері өткізді. Тәрбиеленушілер мен студенттер бірлесіп өз қолдарымен кекстер пісірді.
Павлодар қаласы балаларға арналға баспанасының тәрбиеленушілеріне 8 қарашада С. Торайғыров атындағы ПМУ «Биотехнология» кафедрасына саяхат ұйымдастырылып, «Тағам дайындаудың технологиялары» танымдық сабағы өткізілді.
Екібастұз қаласының кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерге арналға баспанасында 9 қазанда ЕИТИ студенттері шахматтық турнир ұйымдастырды.
«Кітап – білім бұлағы» жобасын жүзеге асыру үшін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарында «Үйде оқимыз», «Бір ел – бір кітап» акциялары ұйымдастырылған, «Самый читающий воспитанник» конкурсы өткізілді, «Ұлы дала поэзиясы» эстафетасына бастама берілді, әдебиеттік кештер өткізілуде.
Өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани жаңғыруына себебін тигізетін қызықты жобалардың ары қарай құрылатанына үміттенеміз. Ал қазіргі таңда іске асырылып жатқан жобаларға өнімділікті, жаңа ойларды және шығармашылық табысты тілейміз.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер