Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

CLIL мәнмәтінінде жаратылыстану-математикалық пәндерді оқыту

 

 Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2017 жылғы 24 қарашада физика, химия, биология, информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған «CLIL мәнмәтінінде жаратылыстану-математикалық пәндерді оқыту» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
 Семинардың пленарлық бөлімінде ИнЕУ-дің филология және журналистика кафедрасы профессорының м.а., ф.ғ.к. Г.А. Хамитова пәндік-тілдік кіріктірілген оқытудың мазмұнды аспектілері туралы баяндама жасады.
 Семинарға қатысушылар дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты мұғалімдерінің оқытуда CLIL әдістемесін қолдану бойынша сабақтары мен шеберлік сағаттарына қатысты.
 Семинар біліктілік арттыру курстары және тілдік курстардан өткен «Физика», «Химия», «Биология» және «Информатика» пәндері мұғалімдеріне посткурстық қолдау көрсетуді ұйымдастыру шеңберінде өтті.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер