Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Чехиядағы Халықаралық суреттер сайысының лауреаттары

 

 Павлодар қаласының №2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары Чехиядағы Лидице ауылындағы 45-ші Халықаралық «Саяхат» көркем туындысы көрмесіне қатысты. Сайыс-көрмесіне мектеп оқушыларының 31 суреті жіберілді.
 45-ші көрменің экспозициясы 2017 жылдың 30 қарашасына дейін Лидице галереясында өтеді. № 2 көркемсурет мектебінің оқушылары 8 жастағы Попик Аннаның «Екі құрбы», және 10 жастағы Нуркина Ажардың «Жас жүзгіштер» екі жұмысы қорытынды көрме құрамына кірді. Лауреаттардың жұмыстары гуаш бояуларымен кестелі сурет мәнерінде орындалған. Сайыс қатысушыларын сурет педагогі, мектеп басшысы Герусова Наталья Васильевна дайындады.
 Сайыс 1967 жылы құрылған және Лидице чех ауылындағы немістердің қолынан қаза тапқан балалар естелігіне арналған. Басында көрме ұлттық болып танылды, кейін ол туралы барлық ел таныды. 1973 жылы сайыс Халықаралық мәртебе алды, содан бері жыл сайын 70 шақты әлемнің әр-түрлі елдері қатысады. 2017 жылы ең үздік суретші-балаларды салтанатты марапаттауға Чех Республикасының 23 елшілігінің өкілдері және елшілері қатысты.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер