Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу

   «Кәсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2017 жылғы 24 қарашада Холдинг әзірлеген білім беру бағдарламаларын енгізген колледждерге әдістемелік көмек және кеңес беру үшін он-лайн режимінде семинар өткізді.
Семинарға білім беру бағдарламаларын енгізетін Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының колледждері, оқу-әдістемелік орталықтарының өкілдері қатысты.
Павлодар жоғары политехникалық колледжінің оқу-әдістемелік жұмыс бойынша басшы орынбасары Е.С. Бугеря «Икемді автоматтық желілер» мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспарын әзірлеу тәжірибесімен және аталған мамандық бойынша кіші инженер біліктілігін енгізу болашағы туралы бөлісті.
«Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ ТжКБ оқу-әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Қ.Қ. Бөрібеков Павлодар жоғарғы политехникалық колледжінің қызметін жоғары бағалады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер