Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтың тоқтатылуы жайлы ақпарат:

2020 жылғы 27 қаңтарда 2 ауысымда сабақтар  өткізіледі: температура 3 градус, жел 6-13 м/с

 


 

Бар жақсылық балалар игілігі үшін

   

 Павлодар қаласының балаларға арналған баспанасында өткен ізгілікті, мейірімділікті, қайырымдылық пен қамқорлықты білдіретін жыл сайынғы «Ризашылық» мерекесі - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тағдырына бей-жай қарамайтын адамдарды жинады.
 Мекеме қызметкерлері осы күнге орай балаларға тосын сый ойластырып, мұқият дайындалды және қуаныш сыйлауға тырысты, осының бәрі көңілді жаттығулар мен тәтті де дәмді таңғы астан және әсіресе қонақтарды күтуден басталды.
 Жыл сайын, осы күні балаларға облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының "Замандас" қоғамдық қорының төраға орынбасары Н.А.Амиргалиева, дәрігерлер ассоциациясы, облыс провизорлары мен фармацевтары, №1 балалар көркемөнер мектебі- «Юнеско» клубы, «Крендель», «Глория фарм», «Павлодар–Домофон» шағын және орта бизнес кәсіпорындар саласының қамқоршылық кеңесінің өкілдері ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар алып келіп қуаныш пен мейірім сыйлайды.
 Тәрбиеленушілер де қонақтарға концерттік бағдарлама дайындап арнады.
 Ал, балалар үшін баспана қызметкерлерінің театрландырылған көрінісі күтпеген тосынсый болды.
 Мерекелік бағдарламаға «Замандас» ардагерлерінің мүшелері де атсалысып қосылып кетті, оларды балалар сүйіспеншілікпен «біздің әжелеріміз»-деп атайды. Олар ән айтып, көңілді би билеп берді. Балалар да қалыс қалмай әжелермен бірге спорттық би биледі.
 Одан әрі, бағдарлама бойынша балалар «Batyr mall» сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан «Ақылды мұражайға» экскурсияға кетті. Балалар залда орналасқан экспонаттарға үлкен қызығушылықпен қарап, олардың тарихымен танысты. Балалар үшін «Ризашылық» мерекесі көптен күткен көңілді мереке болды. Магниттік және лазерлік сымдар, сондай-ақ лазерлік шыны бөлмесі таңданыс пен қуанышқа бөледі.
 «Ақылды мұражайға» бару жалғыз тосынсый ғана емес, сондай-ақ С.Торайғыров атындағы ПМУ агротехнологиялық факультеті студенттерімен дайындалған "Біз әлемді мейірімділікке шақырамыз"-атты мерекелік концерті болды.
 Балалар үшін келесі сыйлық Ш.Айманов атындағы кинотеатрында
«Коко құпиясы" мультипликациялық фильмін көру болды. Оң эмоциялар мен жақсы көңіл-күй алған балалар, кешкі ас уақытында майшамдар мен мерекелік дискотека тосып тұрғанынан бейхабар болатын.
 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін көңіл мен қамқорлықтан асқан мейірімділік жоқ.
 Олармен өткен әрбір кездесу мейірімділік актісі ғана емес, азаматтық позицияның көрінісі.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер