Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтың тоқтатылуы жайлы ақпарат:

2020 жылғы 24 қаңтарда 2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура 0 градус, жел 5-13 м/с.

 


 

Асық party Качир ауданында

  

 Павлодар қаласының мектепке дейінгі мекемелерінде бастау алған «Асықparty» акциясы Качир ауданының балабақшаларында да қолдауын тапты. Спорттың ұлттық түрін дәріптейтін бұл іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өтті. Акцияны бірінші болып «Талбесік» бөбекжайы өткізді. 24 қараша күні эстафетаны «Ақбота» бөбекжайы қабылдады. «Болашақ», «Қызғалдақ» топтарының тәрбиеленушілері арасында «Асық ату», «Хан алшы», «Ханталапай» бойынша жарыстар өтті. Ойындар концерттік бағдарламамен ұласты.
 Бөбекжай директоры Г.А. Аскапова өз сөзінде былай деді: «Оқу-тәрбие үдерісі кезінде біз түрлі ұлттық дәстүрлер мен ойындарды жиі қолданамыз. Бұндай ойындар кезінде балалардың логикалық және стратегиялық ой-өрістері дамиды, олардың дене бітімі дами түседі, ұжыммен жұмыс істеуге үйренеді». Ары қарай эстафетаны «Балдаурен» бөбекжайы қабылдады.

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер