Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Орындалған асқақ арман

IMG 69641

  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 2017 жылғы 27 қарашада Шарбақты ауданының орталығында 60 орындық «Балдәурен» балабақшасының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты мерекеге Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.М. Бегентаев қатысты.
   Балабақша ғимараты «Гресстрой» ЖШС құрылыс компаниясымен (атқарушы директоры Е.М. Жанкарин) қалпына келтірген.
  Жаңа балабақша барлық заманауи талаптарға сай құрал-жабдықтармен қамтылған. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде музыка залы, ойын бөлмелері, асхана, медициналық, логопед, психолог кабинеттері бар. Балабақша аумағы абаттандырылған, заманауи ойын алаңдарымен жабдықталған.
   Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымға жолдаманы 40 сәби алды. Оқытылуы қазақ тіліндегі балабақшаға өзге ұлт өкілдерінің 7 баласы қатысатын болады.
   Аталған мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ашылуы 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтып, сонымен қатар 33 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
  Бұл балашағымызға арналған игі шара халықтың асқақ арманының орындалған сәті болмақ.

IMG 70181

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер