Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Ата-аналар үшін ашық сабақтар

 

20171123 095059

  

  Бүгінгі күні ата-аналар мен педагогтар қауымдастығының ерекше назары алты жасар балаларды мектепке даярлауға бағытталған. 2019 жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесі енгізіледі және мектепалды даярлық сыныптарында «Әліппе»-«Букварь» оқулығы бойынша білім алатын болады. Бүгінгі күні «Шикула и К», «Алматыкітап», «Арман ТВ», «Атамұра» 4 баспасы «Әліппе»-«Букварь» оқулығының нұсқаларын ұсынады. Бұл оқулықтардың қайсысы балаларды білім әлеміне жетелейтіні бір жылдан кейін белгілі болады, әзірше жалпы орта білім беру мектептерінің 18 мектеп алды даярлық сыныптарында және республиканың 30 балабақшасында 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап аталған оқулықтың апробациясы басталды.
  Облысымызда апробацияға 3 білім беру ұйымы қатысады, оның ішінде № 123 сәбилер бақшасы – «Павлодар қаласының эстетикалық даму балалар орталығы», Екібастұз қаласының «Арай» № 12 сәбилер бақшасы, Баянауыл ауданы Майқайың кентінің мектеп алды даярлық тобы. Оқу жылының ішінде педагогтар мен тәрбиеленушілер «Атамұра», «Арман ТВ», «Алматыкітап» баспаларының «Әліппе» мазмұнымен танысатын болады.
«Әліппе»-«Букварь»-ді апробациядан өткізу шеңберінде басты назар ата-аналармен ақпараттық-ағартушылық жұмысына аударылатын болады.
  Оқу жылы ішінде оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер, ата-аналар жиналыстары, ата-аналар үшін ашық есіктер күні, сонымен қатар, ашық сабақтарға бару ұйымдастырылатын болады. Аталған жұмыс ата-аналарды «Әліппе»-ні апробациядан өткізу туралы жарықтануын кеңейтуге жол береді, ата-аналардың бастауыш мектепті мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен сабақтастық мәселелерінде ата-аналар құзіреттілігін арттырады.
  Облысымыздағы үш эксперименталды тобында қараша айында ашық сабақтарға қатыса отырып, «Ашық есіктер күні» өткізілді. Ата-аналар «Әліппе»-«Букварь» мазмұнымен танысып, ашық сабаққа қатысуға мүмкіндік алды.
  Дөңгелек үстелде педагогтар мен ата-аналар балаларды ерте оқытудың болашағы мен мәселелерін талқылады.

CAM01834

 

1

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер