Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Музыкалық сәлемдеме

   Ертіс балалар өнер мектебі басшысының бастамасы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектептің талантты педагогтарының «Тәуелсіз Қазақстан – ғасырлар арманы!» атты жолсапар концертін ұйымдастырды.
2017 жылғы 25 қарашада Ертіс ауданының Қарақұдық және Панфилов ауылдарының тұрғындары балалар өнер мектебі тәрбиеленушілерінің музыкалық қойылымына куә болды.
Концерт Құрманғазы Сағырбайұлы композиторының «Балбырауын» музыкалық шығармашылығымен қазақ халық аспаптары оркестрімен ашылды (басшы А.Т.Жаманбалинова).
Орыс халық оркестрінің музыкалық сүйілдемеуімен өнер мектебінің педагогы Нұргелді Бердіғұлдың орындауымен «Весна на заречной улице» кинофильмнің әні тыңдаушылардың жүректерін тебірентті (басшы Ф.А.Ликарь).
Сахнадағы саналуан ансамбльдер көрермендерді таңқалдырғандай, атапөтсек: домбырашылар ансамбльінің «Тепеңкөк» шығармасы (басшы А.Т.Амренова), пионисттер ансамблінің «Повторяй за мной», Пяццоло аккордионистерінің ансамбльі «Либертанго», «My way» Франк Сенатраның шығармасымен домристердің триосы. Хореографиялық топ көрермендерді әдемі қазақ биімен қуантты (басшы С.Т.Бекбулатова).
Өнер мектебінің ең кішкентай тәрбиеленушісі Черепко Ангелина «Канапушки» әнімен көрермендерді таңғалдырды (басшы Ликарь Ф.А).
Іс-шараға әртүрлі байқаулардың жеңімпаздары да қатысты, Латиф Хамиди атындағы халықаралық байқаудың лауреаты Диль Андрей В.Усачевтың «Русское рондо» шығармасын орындады (басшы Ликарь Ф.А), халықаралық шығармашылық «Аққу дауысы» байқауының бірінші дәрежедегі лауреаты Бекжан Сердалин Н.Тлендиевтің «Жекпе-жек» шығармасын орындады (басшы А.Т.Жаманбалинова).
Суретшілер бөлімінің педагогі Елизавета Шпортько мектептерінің кіре берісінде өнер мектебі балаларының ең үздік шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұйымдастырды. Концерт өткізілгені үшін ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер