Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтың тоқтатылуы жайлы ақпарат:

2020 жылғы 27 қаңтарда 2 ауысымда сабақтар  өткізіледі: температура 3 градус, жел 6-13 м/с

 


 

Тұңғыш Президент күніне орай бірінші кешенді олимпиада

   2017 жылғы 25 қараша күні № 24 ЖОМ Тұңғыш Президент күніне дайындық аясында алғашқы рет Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің 5 - 6 сынып оқушылары арасында І кешенді олимпиада өткізілді. Олимпиадаға қаланың 39 жалпы орта білім беру мектептерінің 100 оқушысы қатысты.
Олимпиада қатысушыларына кешенді және құрылымдалған тапсырмалар берілді - түрлі пәндер бойыншақатысушылардың білімдерін айқындайтын,көрініс тапқан мәселелері бар түрлі бағыттағы жекелеген мәтіндер, қоршаған әлемді түсіну үшін қажетті математикалық пікірлер айта білуге, тұжырымдамалар жасай алуғанегізделген тапсырмалар.
Олимпиада қорытындысы бойынша 46 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І дәрежелі дипломмен - 8 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен - 15 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен - 23 оқушы марапатталды. № 29, № 34, № 39, №16, № 17 ЖОМ оқушылары ең үздік нәтиже көрсетті. Барлық оқушыларға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары табысталды.
І орынға ие болған оқушылар, № 34 ЖОМ 6 - сынып оқушысы Ангелина Бехтина, 5 - сынып оқушысы Дмитрий Бабулиди, № 17 ЖОМ 6 - сынып оқушысы Данил Юхтовский, № 26 ЖОМ 6 - сынып оқушысы Ангелина Братченко, № 28 ЖОМ 5 - сынып оқушысы Егор Линьков, № 39 ЖОМ 6 - сынып оқушылары ЖеңісБахтыбай, Ксения Гусак, 5 - сынып оқушысы Руслан Қуанов, облыстық кешенді олимпиадаға қатысатын болады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер