Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 


 

Облыс мектептерінде асық атудан облыстық турнир

  

 Павлодар облысының білім беру басқармасы мен «Алтын сақа» бастамашыл тобының бірлесуімен ұйымдастырылған Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 10 лицей-мектебінде оқушылар арасында «Асық ату» ойынынан облыстық турнир финалы мәреге жетті. Турнир Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президент күніне арнайы өтті. Турнир ұлттық асық ойынын жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау және дамыту; спорттық шеберлікті, мергендікті және ептілік қабілетті қалыптастыру; оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, үздіктерді анықтау мақсатында өтті.
 Сайысқа «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, №35 ЖОМ, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі, №12 ЖОМ, №37 ЖОМ және Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты қатысты. Әр мектептен төрт ер баладан құралған 1 команда сынға түсті. Жарыс асық ойынының «Шаршыдағы асық ату» түрі бойынша өтті. "Ауыл" партиясының облыстағы филиалының төрағасы Ермат Байқұрманов, ақын, ұлт жанашыры Серік Елікбай, "Нұр Ана Әлемі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максилова, пауэрлифтингтен 5 дүркін әлем чемпионы Сайдолла Сәбенов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов, Павлодар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Мейрам Нұғман қатысушылар алдында сөз сөйледі.
 Жарыста командалар ептілік, жылдамдық, қырағылық дағдыларын көрсете алды
 Сайыс қортындысы бойынша I орын иегерлері Павлодар қаласының № 35 жалпы орта білім беру мектебі, Абай атындағы дарынды балаларға арналған лицей-мектебі жүлделі II орынды иеленді, III орынға ие болған «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, 3 оқушы «Шертудің шебері», «Ең мерген ойыншы», «Турнирдің ең үздік ойыншысы» аталымдарына ие болды.
 Жеңімпаздар дипломдар мен арнайы асық кәде сыйымен марапатталды. Барлық сайысқа қатысушыларға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер