Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Алаш және Тәуелсіздік сабақтастығы

 

Биыл Алаш қозғалысының ғасырлық тойы – Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл. Мемлекетіміз айырықша мәнге ие мерекені атап өтуде. Алаш қозғалысы идеяларын елдің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан конференциялар, симпозиумдар мен дөңгелек үстелдерде насихаттауда.
2017 жылғы 24 қараша күні Ақсу қаласының Ақсу кентінде, Қ.Шүлембаев атындағы орта мектепте «Жас Алаш» ғылыми мектебінің жұмысы барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Алаш және Тәуелсіздік сабақтастығы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның ұйымдастырушылары Қ.Шүлембаев атындағы мектебінің тарих пәнінің мұғалімдері, Ақсу қалалық кәсіподақ жанындағы жастар кеңесінің мүшелері Жұмабаева Мадина Серікқызы және Шәріпов Әнуар Тасболатұлы.
«Еліміз егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын сарп еткен асыл азаматтардың тарихын қайта парақтап, шынайы түрде «ақтаңдақтарының» бетін ашып заман талабына сай зерделеудің маңызы зор. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – Алаш арыстарының рухын жас ұрпаққа сіңдіру, еліміздің болашағы болып табылатын жастарға Алаш идеясын ұстанған ұлттық-демократиялық зиялылардың саяси қызметі мен ұлттық партия құру идеяларын дәріптеу және осы идеяларды бойларына сіңіре отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дөнгелек үстелдің құрметті қонақтары: С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің тарих ғылымдарның кандидаты, қауымдастырылған профессор Айткенов Зият Шайманұлы, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің тарих және мәдениет институтының директоры, тарих ғылымдарның кандидаты, профессор Батталов Кайрат Канатұлы, С. Торайғыров аттындағы ПМУ ассамблеясының «Бірлік» жастар мүшесі Смаилов Рамиль Русланұлы, Ақсу қаласы білім бөлімінің өкілі Айдарова Мағрипа Оралқызы, Республикалық ұлт тағдыры қозғалысының Павлодар облысы бойынша координаторы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Қондыкерова Светлана Қабидоллақызы, Ақсу қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Рүстем Жауаш Күткенқызы және Ақсу қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Арынов Залмұхан Арынұлы, сонымен қатар қала мектептерінің жас мамандары.
Алаш қозағылысының құрылу тарихымен қатар, Алаш қайраткерлерінің атқарған істері мен қызметі, тарихи тағдыры, Қазақ елінің дамуына қосқан үлестері туралы сөз көтерілді.
Алаш идеясындағы «Мәңгілік ел» құндылықтары.
Алашорда – XX ғасырдағы қазақтардың алғашқы ұлттық мемлекеті. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрес тарихында Алаш қозғалысының тарихи рөлі.
Алашордалықтардың тарихи қызметіндегі ерекшеліктері.
Алашордалықтардың қазіргі заманғы саяси бағалауын және олардың көрнекті тұлғаларының тағдырын зерттеу проблемалары талқыланды. Отанға деген сүйіспеншілік, Тәуелсіздіктің негізгі қағидасы болып табылады.
Дөңгелек үстел барысында тарих ғылымдарының профессорлары Айткенов З.Ш. және Батталов Қ.Қ. «Алаш» партиясының қазақ халқының тарихында маңыздылығы мен рөлін түсіндірді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына түрлі ұсыныстар берілді және Ақсу ауданында жүзеге асырылуы мүмкін түрлі жобалар ұсынылды. С.Торайғыров атындағы ПМУ Студенттік Ассамблеясының төрағасы Смайылов Р.Р. Алашордалықтардың этносаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша әртүрлі көзқарастарын түсіндірді.
Дөңгелек үстелдің қонақтары жас мамандар Жұмабаева Мадина мен Шәріпов Әнуар жетекшілік еткен «Жас алаш» ғылыми мектебінің жұмысына зор қолдау көрсетті және болашақта жемісті еңбек тіледі.
Жұмыс барысында қатысушылар мен қонақтар өзара интерактивті түрде пікір алмасты. Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін қонақтар Қ.Шүлембаев атындағы мектептің мұражайы кітабына пікірлерін жазды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер