Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Балалар құқығы – адамдар құқығы» сенім телефоны 111

   "Балаға мейірімді Қазақстан!" Халықаралық конференциясы аясында Ұлттық 111 сенім телефонының жұмыс істеуі туралы, оның танымалдығын арттыру мақсатында, "Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" КММ балалары мен жастары үшін, 2017 жылдың 24 қараша күні «Жалпықазақстандық «Сенім 111» сабағы өткізілді.
Аталған іс-шара "Балалар құқығы – адамдар құқығы" акциясына орайластыра ұйымдастырылды. Мұндағы негізгі мақсат – балалар мен жасөспірімдердің арасында сенім телефонына, шұғыл кеңес беру қызметіне, психологиялық және заңдық көмек көрсетуге қатысты сенім деңгейлерін арттыру. Сабақ сынып сағаты формасында психологиялық жаттығулар мен тренинг элементтерін қолдана отырып өткізілді.
"Ассоциациялар" жаттығуы психологиялық ауыртпалықты жоюға, ойлау процестерін жандандыруға, балалардың көңіл-күй қалыбын жақсартуға бағытталды. Балалар жаттығу барасында "Сенім" сөзіне баламалар табуға белсенді қатысып, сөздің мәнін - құпия, махаббат, түсіністік, сыйластық және т. б. алмастыруға болады деп атады.
"Иә, Жоқ, білмеймін" жаттығуы сабақ тақырыбын тереңдете түсуге көмектесті. Балалар сенім телефоны туралы білім үйреніп, "Бала құқықтары жөніндегі уәкіл" және "ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілдік институты" сияқты ұғымдар жайлы түсінік алды.
«Жалпықазақстандық сабақ «Сенім 111»» таныстырылымын пайдалана отырып, балаларға сенім телефонының құрылу тарихы, жұмыс принциптері туралы мәлімет берілді. 111 сенім телефоны жұмыс қызметінің үш негізгі принціпі ¬ -құпиялылық, қолжетімділік, ақысыз қызмет.
Тәрбиеленушілер тәрбиешілермен бірге шынайы өмірде көмекке жүгінуге мәжбүр ететін жағдайларды талқылады. «Сенім шырағы» жаттығуын орындай отырып, балалар практикалық тәжірибе алды. Сенім білдіруге қатысты қайта ойтолғау, басқа адамдармен сенімді қарым-қатынас жасау деңгейін күшейту, сенім деңгейін арттыру арқылы олар өздерін-өзі тануға мүмкіндік алды. Ал одан әрі қарайғы жаттығу талқылаулары балаларға қауіпсіз жағдайда қоршаған ортаға сенім білдіру қаншалықты оңай тақырыбына ойысты. Осы мәселеде алынған тәжірибе көріністері оларға үлкен өмірлік сабақ болғаны анық.
Сабақ өткізу үшін арнайы ақпараттық стенд әзірленіп, мұнда мынадай мәліметтер қамтылды:
- Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің логотипі;
- Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы ақпарат.
- Бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің электрондық мекенжайы;
- Сенім телефоны 111 логотипі;
- Танымал тұлғалардың Сенім телефонымен түскен фотосуреттері және логотипі.
Сабақ соңында қатысушыларға міндетті түрде жүгінуді талап ететін өмірлік жағдайларға қатысты жадынамалар, сайттар, ақпарат алуға болатын телефон туралы дереккөздері берілді.
Сабақты психолог Е. Н. Ковалевская мен С. Т. тәрбиеші Шарапитова жүргізді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер