Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Балалар құқығы – адамдар құқығы» атты дөңгелек үстел

   Халықаралық балалар күніне орай 2017 жылғы 23 қарашада "Бала құқығы – адам құқығы" атты республикалық онкүндік аясында балалар ауылында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты - құқықтық мәдениетті арттыру, 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-да қабылданған балалар құқығы туралы Конвенцияның негізгі Ережелері туралы тәрбиеленушілердің білім деңгейін көтеру. Дөңгелек үстелге ҚР БП ҚСжАЕК Павлодар облысы бойынша құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің прокуроры Ерғабылов Дархан Қуатұлы, статист Тусупова Гүлнұр Ермекқызы, «Салауатты өмір салтын қолдау» ЖШС-ның білім беру бағдарламалары бойынша маманы Тұрарова Анара Қасымқызы, Павлодар облыстық наркологиялық диспансерінің медициналық психологы Небельцова Анна Александровна қатысты. Оның ішінде дөңгелек үстелге балалар ауылының тәрбиеленушілері 9-11 сынып оқушылары, колледж шәкірттері де жұмылдырылды.
Дөңгелек үстел басында ең өзекті мәселелер: бала құқықтары туралы, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзін-өзі ұстауы, егер жасөспірім қиын жағдайға тап болса тақырыптары мен бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі мәселелері талқыланды. "Адам құқығы әрбір адам үшін және жалпы ел үшін маңызды. Алайда, адам құқығы мен бостандығы қамқорлықты қажет етеді. Бала жастан өз құқықтарын пайдалана отырып, өзге адамның құқығына қол сұқпауға, заңды шеңберден шықпауды үйрену керек" - дейді басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мажитова Айгерім Дюсембайқызы. Әлеуметтік педагог Костюченко Алина Вячеславовна бала құқықтары туралы Конвенциямен таныстырды. Дүниежүзі балаларының құқықтары тең екендігі жайлы құжаттың негізгі бағыттарын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға буклеттер мен ақпараттық сипаттағы "Балалар құқығы – адамдар құқығы» тақырыбындағы жаднамалар таратылды.
ҚР БП ҚСжАЕК Павлодар облысы бойынша құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің өкілдері Ерғабылов Д.Қ. және статист Тусупова Г.Е. балаларды Қазақстан Азаматтарына арналған «Qamqor» ақпараттық жүйесімен таныстырып, Қазақстан қалалары картасында қылмыс жасалған орындар көрініс тапқан «Қылмыс Картасын» назарларына көрсетті. Оның ерекшелігі мынада: қылмыс жасау фактісі тіркеліп, деректер базасына енгізіліген соң, автоматты түрде 2-3 минут ішінде географиялық картада бейнеленеді. Кез-келген адам Ақпараттық сервис порталына кіріп, облыс орталықтарында орын алған қылмыс деректерін, оқиға болған үйлер мен көшелерді білу мүмкіндігіне ие. Әркім өз бетінше өз ауданының қауіпті жерлерін анықтап, тіпті қай тәулік уақытында болғанын біле алады. Аталған жүйеде, сондай-ақ, тіркелген қылмыс қай оқу орындарында болды, оны жасаған азамат туралы толық ақпарат (деректер, тұрғылықты жері, фото) беріледі. Әр баланың өмірі, оның өз қолында. Бұл адамдар көп жиналатын бұзақы орындардан аулақ жүруге тырысу, күдікті кісілермен қарым-қатынасқа түсуден сақ болу, қырағылық таныту үшін қажет. Прокурор кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар бойынша статистиканы келтірді.
«Салауатты өмір салтын қолдау» орталығының маманы Тұрарова А. К. адам ағзасына зиянды заттардың, залалды әсерлері туралы, олардың адамның дамуына кері әсері жайлы бейнеролик ұсынып, сол арқылы, балалардың салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Павлодар облыстық наркологиялық диспансерінің медициналық психологы А. Небельцова наркологиялық тәуелділіктің бастапқы диагностикасы мүмкіндігі мен білім беру мекемелеріндегі тәуелділікке ұшырағандарға қатысты мәлімет берді.
Дөңгелек үстелге барлық қатысушылар белсенді түрде қатысты, сұрақтар қойды және оларға түсіндірме жауаптар берілді. "Балалар өз құқықтары мен міндеттерін, заңдарды неғұрлым жақсы білсе, соғұрлым өмірдегі жолдары жақсы болады және қазіргі заманғы күрделі қоғамдық қатынастар ортасында өздерін сенімді ұстай біледі» – «Балалар құқығы – адамдар құқығы» дөңгелек үстелінің қорытынды ой түйіні осындай болды. Өйткені, біздің жеке құқықтарымыз бұзылмауы үшін, біз басқа адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмеуіміз тиіс. Өзіңді құрмет тұтқанын қаласаң, өзгелердің құқығын құрметтей біл.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер