Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» пікірталас алаңын өткізу туралы есеп

   Ересектердің балалар өмірін қатігездіктен ада, зорлық-зомбылықтан аман сақтау жолындағы әрбір шынайы қадамы өскелең ұрпақ өмірін өркендетеді.
Қазіргі таңда балаларға қарсы жасалатын жауыздық пен зорлық-зомбылық мәселесін шешу - дүниежүзінің барлық еліндегі басым бағыттардың бірі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының жаппай қол қойылған халықаралық құжаттарының бірі- балалар құқығын қорғау жөніндегі Конвенция болып табылады. Бұл құжат ұйымға мүше мемлекеттерге «балаларды қатігездік қарым-қатынастан арашалауға, атап айтқанда, бірде-бір бала ешбір азаптауға немесе адамгершілікке жатпайтын басқа тасбауырлыққа түсуге, адамның арын қорлайтын кезкелген әрекетке, я болмаса жазаға тартылудан қорғалуы жөнінде міндет артады. Ол бала құқығын қиянат жасаудың кез келген түрінен - физикалық немесе психикалық ықпалдан, қорлау мен теріс пиғылда пайдаланудан, қамқорлықтың болмауы және сәбиге салғырт қарау секілді заң бұзушылықтардан қорғайды.
«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі Балалар ауылында » балалар мен ересектердің өзара қызметі негізінде атқарылған «Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы өткізілді. Осыған орай «Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» пікірлесу алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - балалардың өз бойларында ізгілік, мейірімділік қасиеттерін тәрбиелеу, оларды жақсылық жасауға құлшындыру. Олар мына сұрақтар төңірегінде ой бөлісті: «Қатігездік деген не?»,«Адамға қатігездіктен құтылуға қалай көмектесуге болады?», «Зорлық-зомбылық деген не?», «Өз құрбыларыңа қандай қауіпсіздік ережелерін ұсына аласыздар?» және т.б. Тәрбиеленушілер «Чучело»к/ф үзінділер көріп, балалардың іс-ірекетін талқылады.
Шараның соңында балғындар жүрекше пішіндес қағазға қатігездік пен зорлықтан қалай сақтануға болатыны жайлы өздеріне және бір-біріне, барлық адамдарға арнап кеңестер (тілектер) жазып, оны ізгілік ағашына орналастырды. Сонымен қатар, 7-8 сынып оқушылары «Біз біргеміз» тақырыбында флэш-мобөткізіп, осы арқылы балаларға қатігездік таныту мәселесіне қоғамның назарын аудартуды көздеді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер