Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Менің жеңісім – елімнің жеңісі

   2017 жылғы 29 қарашада облыс әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері бойынша басқарманың жастар бастамаларын дамыту орталығымен ұйымдастырылған облыстық «Менің жеңісім – елімнің жеңісім» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Негізгі критерий жыл ішінде конференциялар мен олимпиадаларға қатысу және инновациялық идеялардың жоғары деңгейін көрсету болып табылды. Конкурсқа 57 студент қатысты. Конкурс қорытындылары бойынша 24 студент жүлдегер атанды:
Дина Афанасьева, Евгений Тристан (Павлодар бизнес-колледжі), Ғабит Сайлаубек, Дауіт Алімбай (Технологиялық колледж), София Кармазь, Калкажан Кудайбергенова (Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжі), Аимгуль Муратова, Диана Садвакасова (Машина жасау колледжі), Мадиар Абай (Музыкалық колледж), Зейнеп Дініслям (Жоғары медициналық колледж), Сания Омарханова (Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжі), Вадим Курлыкин (Мұнай-газ колледжі), Махаббат Алькенова, Анна Дубина, Алем Муканов (Екібастұз ИнЕУ колледжі), Кристина Коколова, Чигисхан Конакпаев (К. Сәтбаев атындағы Екібастұз тау-кен колледжі), Александра Ильиных, Александр Мелихов (Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі), Саида Бижанова, Зарина Садвокасова (Железин аграрлық-техникалық колледжі), Иван Игнатенко (Качиры аграрлық-техникалық колледжі), Ерқанат Серік (Баянауыл аграрлық-техникалық колледжі), Дина Темірхан (Красноармейка аграрлық-техникалық колледжі). Барлық жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер