Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Волейбол бойынша жолдастық кездесу

 

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және мектептің колледж бен балалар үйі арасындағы бірлескен жоспарына сәйкес 2017 жылдың 29 қарашасында Кенжекөл ЖОМ-да Павлодар сервис және тамақтану колледжі мен Павлодар қаласының және Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушілерінен құралған қыздар құрамаларының арасында волейбол бойынша жолдастық кездесу өтті.
 Кездесудің негізгі мақсаты – жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, белсенді және салауатты өмір салтын ұстану, волейболды дамыту.
 Ойын өте әсерлі өтті. Жарыстың алғашқы минутынан-ақ командалардың жақсы дайындығы байқалды: ойын жоғары деңгейде өтті, әрбір соққылар нақты, эмоциялар ашық, қызу сәттер. Алаңда ерекше спорттық атмосфера орнады, командалардың жанкүйерлері жақсы қолдау білдіріп отырды. Ешбір команда тізгінді бергілері келмеді, өздерінің бар ынталарымен алға басты.
 Ойын қорытындысы бойынша жеңіске Павлодар сервис және тамақтану колледжінің командасы жетті. 2 орынды Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар үйінің командасы, ал үшінші орынды Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар үйінің командасы иеленді. Командалар құрмет грамоталарымен және кубокпен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер