Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Педагогикалық шеберлік облыстық конкурсының нәтижелері

  

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілікті арттыру институты филиалының «Мұғалім шеберханасы» облыстық конкурсында облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 19 мұғалім, соның ішінде 6 мүғалім Павлодар қаласының мектептерінен қатысты. Конкурс 2017 жылғы 24 қарашада қазақ тілі мұғалімдері арасында өткізілді. Конкурстың мақсаты - педагогикалық шеберліктің деңгейін анықтау, кәсіби құзыреттілікті және шығармашылығын шыңдау, бәсекеге қабілеттілігін нығайту.
 Конкурстың нәтижесі бойынша ІІ орынды Алмагүл Сабырқызы Дарабаева, № 9 ЖОМ мұғалімі, ІІІ орынды Гүлсия Әйтімқызы Уалиханова, Замзагүл Жүмагелдіқызы Апсалямова № 15, 36 ЖОМ мұғалімдері алды. Конкурста олар республика және облыс деңгейінде олимпиадаларда, конкурстарда өзінің және оқушылардың жетістіктерін ұсынды, өдерінің тәжірибесімен бөлісті, (портфолио) жеке жұмысын көрсетті, сабақта қолданатын әдістемелік-дидактикалық материалдарын, өздігімен білім алу тақырыптарының жоспарларын ұсынды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер