Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 


 

Бірінші Президент күніне арналған «Менің Қазақстаным» көркемсурет көрмесі

   

 2017 жылдың 28 қараша айында Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебінде «Рухани жанғыру» жобасының шеңберінде бірінші Президент күніне арналған «Менің Қазақстаным» көрмесінің ашылуы өтті.
 Көрмеде түрлі бай техникалар ұсынылды: гуашь, акварель, балауыз майда, түсті қарындаштар, сиялы кесте және аралас техника.
 Мектеп оқушылары өздерінің әсерлерін, үйренген күнделікті өмірдің, түрлі сюжеттерін бейнелеп , сонымен қатар ұлттық костюмдер, оюлар, билер және қазақ халқының дәстүрі арқылы мерекелік көңіл күйді жеткізуге тырысты. Жұмыстар натюрморт, пейзаж (қалалық архитектура), тұрмыс жанрлары бойынша орындалған.
 «Менің Қазақстаным» атты, әрі бойынша өте сұлу және нәзік сәнді жұмысты, 10 жастағы мектеп оқушысы Сафарметова Амина орындады. Ол аралас техникада түсті сиялы кесте және сиялы қаламдарды пайдаланды.
 Косенков Антон, Аминаның құрдасы, «Ұлттық натюрморт» түсті кестелі суретті ұсынды. Ол аралас техникада шәйнекті, қобызды, шаршаулауды және өңді әшекейлеу үшін әр-түрлі ұлттық оюларды пайдаланды.
 Астананың қазіргі архитектуралық көрінісі 8 жастағы жас Сағадат Алиді балауыз майдадан «Астана» атты өзінің жарық туындысын шығаруға шабыттандырды.
 Оқушылардың көркемсурет көрмесі 2017 жылдың 15 желтоқсан айына дейін созылады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер