Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

«Кәсіпкер болып туылмайды, кәсіпкерлерге айналады»

 

 «Жас ұрпақ» жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері ағымдағы жылдың 28 қараша күні Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасында «Кәсіпкер болып туылмайды, кәсіпкерлерге айналады» атты тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.
 Дөңгелек үстел барысында жастарды базалық кәсіпкерлік білім мен дағдыларын оқыту, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті танымал ету және жастарды кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және белсенділігін арттыру бойынша талқыланды. Кәсіпкерлік негіздері, перспективалары мен мемлекеттік бағдарламалар кезеңдері туралы бизнес жаттықтырушысы Акмарал Сейткулова айтты.
 Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілер арасында өз меншік ісін ашатындары бар. Дөңгелек үстел арқасында тәрбиеленушілер бизнес туралы тегін оқулары қайда және қашан болатыны туралы білді.
Жас кәсіпкер Дилбар Амирова пайдалы кеңестермен бөлісті. Ол өзі бір кездері көптеген ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін аймақтық конкурстарға қатысқан. Ол болашақ кәсіпкерлерге әрқашан жаңа идеялар ашық болу және пайдалы ақпарат алу үшін белсенді түрлі ресурстар пайдалану. Кездесу соңында барлық қатысушылар жеке консультациялар және «Сен — кәсіпкерсің» бағдарламасына өз бизнесін құру үшін кеңестер алды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер