Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

«Үздік аспаз - 2017» сайысы

   2017 жылғы қарашаның 30-ы күні Шарбақты аграрлық-техникалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша студенттер, педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлері арасында аспаздардың аймақтық сайысы өтті. Сайысқа Благовещенск кәсіби лицейі (Ресей), Қашыр, Успен, Май, Ақтоғай және Шарбақты аграрлық-техникалық колледжілерінің өқілдері қатысты.
Аспазшылардың байқауы 2015 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі және өз кәсібін жақсы білуге, тәжірибемен алмасуға, мамандықтың беделін арттыруға және мамандардың біліктілігін арттыруға көмектеседі.
Қазылар алқасы қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалады. Байқаудың Бас жүлдесіне Воронов Иван (Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі) және Янокоглова Федора (Успен аграрлық-техникалық колледжі) ие болды. I -орынға Ялова Людмила (Благовещенск кәсіби лицейі) және Гужов Илья (Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі) марапатталады. 2 –ші орынға Нуртазинов Асет (Қашыр аграрлық-техникалық колледжі) және Патрикеева Виолетта (Май аграрлық-техникалық колледжі) ие болды. 3-ші орынға Галимова Бахытжан Ниязовна (Май аграрлық-техникалық колледжі) және Горбунова Екатерина (Благовещенск кәсіби лицейі) ие болды.
Жеңімпаздар дипломмен, ақшалай және бағалы сыймен марапатталды.
Байқау мамандардың жоғары деңгейін көрсетті. Қатысушылар тәжірибемен алмасып, әріптестердің ең үздік жұмысымен танысты. Сондай-ақ, осындай сайыстар - кәсіпқойлықтың өсуіне және мамандықтың беделін көтеруге ықпал етеді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер