Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Біздің Тұңғыш Президент

 

 Бүгін Қазақстанды халықаралық қауымдастық қазіргі демократиялық мемлекет ретінде таниды.
 Бұл біздің Қазақстан Республикасының Президенті, ұлт Көшбасшымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен халқымыздың еңбексүйгіш-тігі арқасында мүмкін болды.
 Қазақстан Республикасының Президенті Күнін тойлау, барлық қазақстандықтар үшін де, біздің баспанамыздың ұжымы мен балалары үшін де, маңызды мерекенің бірі болды.
 2017 жылғы 30-қарашада «Біздің Тұңғыш Президентіміз»- атты мерекелік іс шара өтті.
 Бұл мерекенің мақсаты балаларды – біздің мемлекетіміздің дамуы мен қалыптасуы оқиғасымен, ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қатысты маңызды рөлін ашу тарихымен таныстыру.
 Балалар «Елбасы жолы – ел» кітап көрмесі рәсімделген Тұңғыш Президент кабинетіне барды.
 Әнұранды салтанатты түрде орындап болғаннан кейін, балалар отан туралы тақпақ, ән айтып, "Алға, Қазақстан" әніне жұмыла әсерлі би орындады.
 "Біздің Тұңғыш Президент" фильмін көру барысында, балалар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаянымен танысты.
 Іс-шараға барлық балалар белсене қатысып, жақсы деңгейде өтті.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер