Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» Алексей Лодочников

 

 Астана қаласында 2017 жылғы 1 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» форумы өтті. «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы «Рухани жаңғыру» - «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Жоба үш тапсырманы шешуге бағытталған: бірінші – білімімен, қолымен және бойындағы дарынымен заманауи Қазақстанды жасайтындардың шынайы бейнесін қоғамға көрсету; екінші – біздің заманауиларды ақпараттық қолдау және танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын құру; үшінші - жалпы ұлттық қана емес, сондай-ақ, «100 жаңа тұлға» аймақтық жобаларын құру.
 «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» форумында Павлодар облысының намысын жоба жеңімпазы, «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат кешені» ММ 3 курс студенті, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, домбырада шебер ойнайтын, дәстүрлі қазақ әндерін айтатын Алексей Лодочников қорғады.
 Халықаралық Kazinform ақпараттық агенттігіне берген сұхбатына Алексей: «Президентімізге бұл жобаны құрғаны үшін және барлығымызды, қарапайым адамдарды осындай залға жинағаны үшін алғыс айтамын. Мен жобаға қатысушылардың бірнеше әңгімесін оқыдым, шынымен де әрқайсысының өз әңгімесі ерекше, оның әрбіреуі назар аударуға тұрарлық. Біздің жастар үшін бұл бір ынта болу қажет». Алексей Мемлекет басшысымен 2016 жылы кездескен, осы кездесуден кейін оның өмірі күрт өзгерді. Алексейді республикалық, облыстық деңгейдегі әр түрлі шараларға шақырады. Бүгінде ол колледж қабырғасында ғана емес, одан тыс жерлерде де белсенді қоғамдық қызметін жүргізеді. Музыкалық колледжде Алексей «Жас Отан» жастар қанатының басшысы болып табылады. Ол қалалық, облыстық шараларға, әртүрлі жастар жобаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Барынша қоғамдық өмірге араласқанымен Алексей музыкалық өнердегі дарынын тереңдетуден және шығармашылықтың адамы екенін көрсетуден қалыспайды. Оның жастар арасындағы белсенділігі, отанға және халқына деген жоғары патриоттық сезімімен махаббаты өскелең ұрпаққа ұқсау үшін мысал және ынта болып табылады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер