Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 

 


 

Астана қаласына әсерлі саяхат

20171201 102000

 

 Ғажайыптар кейде болып тұрады.Сондай ғажайыптың бірі Қалқаман балалар үйінің балаларымен де болды. Қазақстан Тұғыш Президент күніне байланысты қызықты іс-сапарды «Сәби бақыты» қоғамдық қоры балаларымызға сыйлады.
 1 желтоқсан күні қонақтарды таң атысымен сұлу – Астана қарсы алды. Астанамен танысу Тұнғыш Президент Мұражайында басталды, онда балалар Н.Ә.Назарбаевтың кабинетін және мәжіліс бөлмелерін өз көздерімен көрді. Біздің елбасымыздың жеке заттарын өз қолдарымен ұстап, "Еуразия" және "КТК" телеарналардын камерасына түсті. Әрі қарай балалар боулингтің керемет әлеміне және «Evrikum» ғажайыптар саябағына кірді. Елордада бірінші күннің соңына қарай балалардың эмоциялары толқып кетті.
 Екінші күні де қызықты болды. «Хан шатыр» ойын сауда орталығында орналасқан«Sky Beach Glub» сәнді жағажайы тәрбиеленушілерді алтын құммен және толқындарымен, көгілдір бассейнімен қарсы алды. Жарқын күн, экзотикалық өсімдіктер тәрбиеленушілердің ешқайсысын бей-жай қалдырмады. Далада қыс, ал бұл жылы демалыс аралы кішкентай қонақтарды мейіріммен қарсы алды. Жағажайдан кейің балалар отбасылық «Ailand» демалыс орталығына барып, флора мен фауна орталығында экзотикалық өкілдерді қарастыра алды, сондай-ақ "Джунгли" театрының аниматроникстарын көре алды. Саяхат қызықты квест ойынымен аяқталды. Эмоциялар, күлімсіреген жүздері елордаға келгеннен бастап, кеткенше дейін аяқталған жоқ.
 Біз "Сәби бақыты" қоғамдық қорына балаларымызға назар аударғаны үшін рахметімізді айтамыз.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер