Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Өз-өзіне сенімділік

 

 2017 жылғы 6 желтоқсанда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Жас волонтер» жобасын жүзеге асыру бойынша кезекті іс-шара өтті. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика» кафедрасы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенттері орталық тәрбиеленушілерімен өзін-өзі тану бойынша «Өз-өзіне сенімділік» тренингін өткізді.
 Тренинг қатысушылардың танысуынан басталды. «Есім-ым» жаттығуы барысында топ қатысушылары кезекпен өздерінің есімдерін белгілі бір қол қимылымен қоса айтып отырды. Кейін балалар «Қуаныш шеңберіне» тұрып бір-біріне денсаулық, мейірімділік және бақыт тіледі. Жағымды эмоциялардан қуат алып, балалар тренингтің негізгі бөліміне кірісті.
 Топ қатысушылары «Өз-өзіне сенімділік деген не?», «Өз-өзіне сенімді адамға қандай тұлғалық қасиеттер тән?», «Адамның табысқа қол жеткізуіндегі өз-өзіне сенімділігінің рөлі» және басқа сұрақтарды талқылады. Тренинг әрі қарай «Жағдаят» жаттығуымен жалғасты. Әр топқа ұсынылған жағдаятты өз-өзіне сенімді және өз-өзіне сенімсіз адам әрекет құлығы стратегиясы тарапынан ойнап көрсету тапсырмасы берілді. Сабақ тақырыбы талқыланып, қорытындылар жасалған соң, балаларға өз-өзіне сенімділікті жоғарылату бойынша ұсыныстар берілді.
 Тренинг соңында қатысушылар шеңбер құрып, өткен сабақ туралы өз пікірлерімен бөлісті. Рефлексия сәтті өтті. Тренинг күлімдеумен және әрбір жағдайда өз күшіне сену және өз-өзіне сенімділікті жоғалтпау тілегімен аяқталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер