Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Бес табан» ойыны бойынша турнир

 

 Дойбы, тоғызқұмалақ, ақсүйек секілді қазақтың ұлттық ойындарының қатарына "Асық атуды" да жатқызуға болады. Бұл – өте қарапайым және ерекше талаптарды қажет етпейтін ойын түрі. Оны үйде, көшеде немесе көгалда ойнай аласыз. Асық ойынын жастайынан жанына серік еткен бала салмақты, мінезі тұрақты, талапкер, әрі епті, мерген болып өседі.
Балалар ауылы үйлерінің арасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні мерекесінің құрметіне "Асық ату" турнирі ұйымдастырылды. Турнир балалардың қазақ халқының мәдени мұрасына құрметін арттыру, сондай-ақ қазақ ұлттық ойындары жайлы білімдерін ұштау және бойларында ептілік пен дәлдік қасиеттерін дамыту мақсатында өткізілді. Сайыстың шарттарына сәйкес, әрбір үйден бір ойыншыдан қатысты.
 Жарыс «Бес Табан» ойыны бойынша өтті. Алаңның ортасына түзу сызық сызылып, оған жағалай асық тізілген соң, ойынды бастаушы асық тізілген жерден бес табанға тең аралықты белгілеп алып, шеңбер сызды. Әр ойыншы екі асықтан тігіп, белгіленген шеңберге кірмей (баспай) ортадағы асықты 50 сантиметр қашықтықтан кезек-кезек атуға кірісті. Асықты шиырған ойыншының өкшесі сызықтан аспауы қажет. Сақа тиген асық міндетті түрде шеңберден шығуы шарт. Көмбеге қойылған асықтарды сақамен ұрып, сыртқа шығара алмаса, онда келесі қатысушы лақтырады. Ойын осылайша өз кезегінде жүреді. Ең көп асықты атып шеңберден шығарған қатысушы жеңімпаз саналып, ойынды ұтады. Жеңілген баланың асықтары жеңген қатысушыға тиесілі болады.
 Ойын ережелерін мұқият тыңдаған балалар оның шарттарын бұзбауға тырысты. Сайыс тартысты өтіп, балалардың көңілінен шықты.
Турнир қорытындылары бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
- Ақанов Дәулет («Қуаныш» үйі) - бірінші орын;
- Екінші орын - Козыренко Ангелина («Нұрқанат» үйі);
- Үшінші орын - Ескалиев Руслан («Ансар» үйі).

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер