Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Ашық есік күні

   2017 жылғы 6 желтоқсанда Май ауданының психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі А.А.Қаңтарбаев, аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары М.К.Құсайынова, аудандық мәслихат хатшысы Ғ.Т.Арынов, «Нұр Отан» партиясы Май ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Б.Байғалиев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т.Ж.Сыздықбаев, облыстық психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінің басшысы З.А.Сүлейменова шақырылды. Кабинеттегі ерекше білім қажеттілігі бар балалардың ата-аналары мен балалар қатысты. Аудандағы кабинет басшысының міндетін атқарушы Г.К.Сыздыкова келген қонақтарды мамандардың кабинеттерімен таныстырып, жұмыс бағыттары жайында қысқаша шолу жасады.
   Логопед-мұғалім – А.Ж. Сыздықбаева  «Хайуанаттар бағында» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, оған ата – аналар мен балалар қатысты. Ата – аналар түрлі жаттығулар арқылы бала тілін дамытудың жолдарымен танысуға мүмкіндік алды.

   Педагог – психолог Г.К. Сыздыкова  ата – аналармен «Бала өмірі – басты құндылық» атты психологиялық тренинг өткізіп, ата – аналарға психологиялық жаттығулар арқылы адам өміріндегі баланың орны ерекше екенін көрсете білді. Ата – аналар өз балаларына деген тілектерін «Балама ақ тілек» жаттығуы арқылы жүрекшелерге жазып білдірді. Тренингке қатысқан қонақтар балалардың ата-аналары арқылы әр баланың жеке қасиеттерін таныды. 

Ата – аналарға арналған психологиялық тренингке қатысқан аудан әкімі А.А.Қаңтарбаев ата – аналармен әңгімелесіп, мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда өзін толыққанды мүше ретінде сезіну үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан оң өзгерістер мен ата-аналардың бала өміріндегі маңызды тұлға екенін айтып өтті. Ата – аналар мен балаларға зор денсаулық, отбасылық бақыт тіледі.
   Облыстық психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінің басшысы З.А.Сүлейменова  аудан әкімі мен келген қонақтарға кабинет көрсететін мемлекеттік қызметтер мен жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында айта келе, аудан басшылығының мұндай балалар мәселесіне ерекше назарын аударып, ашық есік күніне келгені үшін алғыс білдірді.
   Балабақша психологтары мен тәрбиешілеріне «Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік сағат ұйымдастырылып, балабақша жағдайында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы баланың танымдық, эмоционалдық және тілін дамыту жолдары көрсетілді. Әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік жұмысшыларға кабинеттің әлеуметтік педагогы Н.Б. Сауатбек «Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылармен жұмыс» тақырыбында кеңестік сағат әзірлеп, жұмыс жасау бағыттарын атап өтті.

   Барлық қатысушыларға кабинет мамандары әзірлеген ақпараттық құралдар мен әдістемелік кеңестер таратылды. Қатысушылар кабинет ұжымына алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар мен қажымас қайрат тіледі.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер